САРЫСУ АУДАНЫ — БІРІНШІ ОРЫНДА

67
Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономостика – Ел айнасы» атты облыстық байқауы өтті.
Шараның мақсаты жергілікті жерлерде тіл саясатымен айналысатын бөлімдерде ономастика саласының жұмысын күшейту, сала мамандарының жұмыстарын жетілдіруге ықпал ету, сондай-ақ осы бағытта жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді қолдау әрі көтермелеу.
Облыстық байқауға аудан атынан Сарысу аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова және Сарысу аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Советов қатысты.
3 түрлі кезеңнен өткен байқауда Сарысу ауданы 1-ші орынды жеңіп алды.
Жүлделеріңіз құтты болсын, аудан мерейін үстем етіп, жеңімпаз атанған жас мамандар!

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.