Сапалы байланысқа сұраныс жоғары

92
Бүгін аудан әкімдігінде сапалы байланыс жүйесімен қамтамасыз ету бойынша арнайы жиын өтті. Оған Қордайға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Ержан Тоқтағұлов, облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков қатысты. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл төрағалық етті. Мекеме мен ауылдық округ әкімдері, байланыс операторлары өкілдері басын құраған жиында алдымен Ержан Тоқтағұлов сөз алып, Қордай ауданы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар проблемалық мәселер туралы айтып өтті. Солардың ішінде интернет сапасын арттыру бойынша байланыс операторларына бірқатар ескертулер айтылды.
Ал, Руслан Нокрабеков жақын болашақта ауданның шалғай ауылдары сапалы интернетпен және байланыспен қамтамасыз етілетіндігін айтып, осы орайда ауыл әкімдері белсенділік таныту қажеттігін айтты. Жиын барысында байланыс мұнаралдарын орнату бойынша жер қатынастары бөлімі, ауыл әкімдерімен туындаған проблемалар бойынша пікір алмасып, оның шешу жолдары да қарастырылатын болып шешілді.

 

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.