САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

126
23 маусым — Мемлекеттік қызметкерлер мен Қазақстан полициясы күні екені белгілі. Осыған орай, жоғарыда аталған қос бірдей саланың мамандарымен кездесіп, меншікті мерекелерімен құттықтадық. Жиында бірқатар сала мамандары мен ардагерлерге “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыстап, еселі еңбектері үшін Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттадық.
Құрметті әріптестер, ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып, абыройлы жол, алғысты қызмет тілеймін. Тәуелсіз еліміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, әрдайым аудан жұртшылығының алғысына бөленіп жүре беріңіздер. Отбасыларыңыз аман, істеріңіз ілгері болсын!
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.