Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бибосынов үндістандық Кумар Спаршпен кездесті.
Жекпе-жек 4:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Еске салайық, қазақстандық өз салмағында басты фаворит.