СӘБИЛЕРГЕ — СЫЙЛЫҚ

182

 

Балалар жылына және Халықаралық шала туған балалар күніне орай  аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде игілікті іс-шара ұйымдастырылды.
Неонатолог дәрігер Асел Бошқаеваның бастамасымен  өткен шараға 2021-2022 жылдары мерзімінен бұрын туылған сәбилердің аналары қатысты. Атап айтқанда, Байзақ ауылының тұрғындары Жәнібек Керей, Айша Рысқұлбек, диқандық Айзере Нұрлан, Сарыкемер ауылының тұрғындары Раяна Нұрғали, Бекарыс Уразали, Айша Ынтымақтың  аналарына

баланың күтімі туралы кеңес берілді. Одан соң бөбектердің құрметіне арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер  айтылды.
Шара соңында Асел Мұқанқызы  алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығын атап өтіп, сәбилердің аналарына сый-сияпаттар табыстады. Жүрекжарды лебізін білдірді. Осындай шараны қолдаған аурухананың кәсіподақ ұйымына да алғыс сезімі білдірілді. Өз кезегінде аналар перзенттеріне көрсеткен құрметі үшін алғыстарын айтты. Орталық аурухананың статистика қызметінің басшысы Гүлнар Шинибекова бала-көздің нұры, отбасының бақыты екендігін айтып,  олардың  үлкен азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді.
Биылғы жылдың 10 айында орталық ауруханаға қарасты перзентхана бөлімінде  дүние есігін ашқан 425 сәбидің жағдайы жақсы.

 

 

Айнұр Аскербек

Leave A Reply

Your email address will not be published.