Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті.
Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
https://turkystan.kz/article/218160-rybakina-mayami-masters-turnirinin-1-4-finalyna-shykty/