Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде қарсыласын ұтты

111

Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты.

Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Е. Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, М. Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2.

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Елена Рыбакина 3 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді.

https://turkystan.kz/article/220018-rybakina-billi-dzhin-king-kubogynyn-irikteu-kezeninde-karsylasyn-utty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.