Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды деп хабарлады Turkystan.kz.
Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды.
Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.
https://turkystan.kz/article/211801-rybakina-australian-open-turnirinin-kumis-zhuldegeri-atandy/