Руслан Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Руслан Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Руслан Шамелұлы мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибеге ие. Ол 2016 жылдан бері Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды: маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары, сондай-ақ Әдеп жөніндегі хатшылықтың меңгерушісі лауазымдарында еңбек етті.
2023 жылғы мамыр айынан бастап бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін абыроймен атқарып келді.
Жаңа қызметіңіз құтты болсын, Руслан Шамелұлы! Сізге алдағы қызметіңізде табыс, қажымас қайрат және сәттілік тілейміз!