«Рулі оң жақтағы көлікті тіркемейді»: Елімізде такси қызметіне талап күшейеді

65

«Рулі оң жақтағы көлікті тіркемейді»: Елімізде такси қызметіне талап күшейеді
 istockphoto.com

Жаңа жылдан бастап ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Көлік және ішкі істер министрлігі InDrive компаниясымен бірлесіп, арнайы талап енгізді. Яғни, такси қызметін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігі толықтай такси агрегаторларының мойнына жүктелмек.

 «2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», — деп хабарлады ол.

https://turkystan.kz/article/247521-ruli-on-zhaktagy-kolikti-tirkemeidi-elimizde-taksi-kyzmetine-talap-kusheiedi

Leave A Reply

Your email address will not be published.