Рухани ұстазым Балабек аға!

84

Адамзат тарихында талай алапат апаттар мен қанды қырғындар, әлемді түнекке ораған тауқыметке толы дүрбелеңдер болса да адам баласы әлі күнге аман келеді. Оның басты сыры адамның ақыл-ойы мен қайсарлығы, даналығы мен қажыр-қайраты ғана емес, кейбір қайырымды жандардың жүрегіндегі мейірімділік дәнегі.

«Әлемді мейірімділік құтқарады» дейтін халық даналығы содан қалса керек.  Осындай мейірім мен жанашырлыққа, ерекше күтімді қажет ететін жүйке ауруларын емдеу орталығына сонау студент шағымда барып, көзбен көріп, тыныс тіршілігімен танысқым келді.

Арнайы барып, басшысымен жолықтым. Басшысы жүзі жылы, мейірімді сабырлы жан болып көрінді. Оң көзқарас танытып, қарсы алып, мені қызықтырған сұрақтарыма жауап берген болатын…

Ол кезде екінші курс студенті болатынмын. Аман-есен оқу орынын аяқтап аудан орталығына кеттім. Арадан он бір жылдай уақыт өткенде Сарысу ауданына жаңадан әкім келді. Бір қарағанда жүзі таныс болып көрінді.

Жаңа әкім сол баяғы көмекке зәру жандарға мейірімімен емін еккен Балабек Жанбекұлы Нарбаев екен.

Ол кезде мен аудандық басылымда жауапты хатшы болып жүрген кезім еді. Арадан біршама уақыт өткен соң, барлық өңірде баспасөз хатшысы қызметі қолға алына бастаған. Газеттен арнайы шақыртып Балабек ағаның баспасөз хатшысы болып қызмет еттім. Үш жылдан астам аралықта ағаны өзгеше қырынан тани бастадым.

Қашанда қазақ халқы байыпты бастамаларымен, тың ұсыныстарымен елді ілгері жетелейтін, қиыннан жол таба білетін, төтеден төге сөйлейтін тапқыр әрі ақылды, білікті әрі білімді адамдарды қадір тұтқан.

Әкедей қамқор, ағадай жанашыр, білікті басшы. Жан сарайы бай, сыртқы тұлғасына ішкі мәдениеті де сай, тіпті, ерекше жарасып тұратын елгезек мінезді, барынша кішіпейіл, құрмет тұтатын ағаларымның  бірі – Балабек Жанбекұлын  көргенімде қазақтың:

«Елдің атын ерттеп мінген» деген даналық сөзі ойыма жиі оралады. Бұл сөздің сайып келгенде, ел үшін жаралған деген мағынаны білдірері анық.

Әдетте, рухани жаңғыруға байланысты жеке тұлғалар туралы мақала жазып, көп әңгіме, сырлардың тиегін ағытуға әбден болады ғой. Балабек аға да осыған өте лайықты азамат. Әрбір адамның рухани жағынан жаңаруы қоғам өміріне көп пайда әкелері сөзсіз.

Осы тұрғыдан алғанда, әкім болған соң әрине міндетті түрде ауданға , өзі басшылық ететін өңірге пайда әкеліп, елдің еңсесін көтеру мақсатында жұмыс істеу қажеттілігі заңды.

Ал, басшылықтан бөлек Балабек ағаның әкім болған тұста рухани жаңғыру бағытында Сарысуды республика төңірегінде көпке танытқанын бірі білсе, бірі біле бермес.

Өйткені жаңаша ой мен идеяға толлы аудан әкімі рухани құндылықтарға ерекше мән беретін.

Жиі сөз  арасында:

—        Анам жарықтық дастарқан басындағы әңгіме барысында бізге өтірік айтпау, ешкімге қиянат көрсетпеу, жамандық жасамау, егер мүмкін болса, қолыңнан келгенше жақсылық жасау жөнінде жиі айтып отыратын.

Бірақ қаншама қиындық көріп, мехнат шексе де абзал ана перзенттерін қатарынан кем қылмай жеткізуді өмірінің ең басты мұрат-мақсаты  санады.

Абайдың отыз алтыншы қара сөзі Адамгершілік пен ар – ұят Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл — өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақтың адамгершілік рухы жоғары болады.

Міне, осы уақытқа дейін де анамның осы өсиеттерін бұлжытпай орындап келемін. Алдағы өмірімде де осы тура жолдан таймасым анық. Осылайша ұлының арманын орындап жүргенін шіркін, анам көргенде ғой… – деген сөзді Балабек аға жиі айтып отырады.

Ақиқатында айналамыздағы адамдарға керемет күш-қуат беру, рухани күш қуатты болуға тәрбиелеу, адамгершілік пен руханилықтың бірлігінен туады. Руханилық – адам жанының ізгілігі.

Руханилықтың негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады. Руханилыққа басымдылық берілуі арқылы адам жанының ішкі қуатының оянуына, ізгі және адами қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік ашады.

Қазіргі кезде өз ойына, сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, табысты  еңбек етуге дайын үйлесімді адамды тәрбиелеу аса маңызды.

Мінезге – бай, тілге – шешен, жүріс-тұрысы – қарапайым Балабек аға қарашаға қадірлі басшы болды.

Ең тамашасы — өнерге ынтық, ел жасампаздығына ғашық. Ақындықты, руханилық пен ұлттық құндылықтарды  пір тұтады. Бойында қазіргі көп-көп басшы азаматтарда бола бермейтін бекзаттық бар.

Иә, жан дүниесі сергек, айналасына жасар жақсылығы мол, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы ширақ қалпында мерейлі жасқа шыққан Балабектей арда азаматтар қатары көбейе бергей!

Жасай  беріңіз, Балабек аға!

Туған күніңіз – асқаралы алпысыңыз құтты болсын, Аға!

 

Ізгі ниетпен:

Дариха Пазылбекқызы Үмбетиярова,

 журналист қарындасыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.