Рухани қолдау көрсету бағытында тренинг өтті

79

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты №25 РМ мекемесінде, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің психолог мамандары әділет майоры М.Сейдуллаева және әділет лейтенанты С.Әзімханованың ұйымдастырумен өзара меморандум аясында Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің психология кафедрасының психолог маманы Берденова Айнур Саховнаны шақыртып отырып, мекемедегі қатаң ұстау жағдайында (құж) жасағында, жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға психологиялық рухани қолдау көрсету бағытында тренингтік іс-шаралар өткізілді.
Тренинг тақырыбы: “Мен және сен”
Мақсаты: Адамның ішкі жағдайын реттеу, өзін-өзі тану, басқаларға көзқарас, басқа адамды түсіну, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тренинг барысы:
1. Амандасу. Танысу “ Есімім қандай, өзім қандай?”
2. ⁠Сергіту жаттығуы: “Шапалақ пен әрекет”.
3. ⁠Ойын: “ 3 минут” отбасы жайлы, ұнайтын жануар жайлы әңгімелесу.
4. ⁠Ойын: “Самолет” арман-тілегін жазып ұшыру.
5. ⁠Музыкалық ойын: “Кім жылдам”.
6. ⁠Қоштасу шеңбері: “тілек айту”.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.