Құрметті сарысулық православие христиан өкілдері Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мереке— адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелейді. Аудандағы этностардың бекем бірлігі мен үйлесімдігі арқасында мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң өзгеріс қалыптасты.
Рождесто— адамдар арасындағы сый-құрметті, бір-біріне көмектесуді, бірлікті арттырады.
Барлықтарыңызға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт, мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі