Желіде әнші Роза Әлқожаның әлдебір отырыста інісінің әйелін қасына алып, оған жылы лебіз арнаған видеосы тарады, деп жазды madeniportal.kz.
Әнші видеода келініне қатысты құпияның жайып салған. Кадрдан қайын апасының тілегін естіп тұрған келіннің біресе ұялып, енді бірде күлімдеп тұрғанын көруге болады. Алайда жүрекжарды тілекті тыңдап тұрған Әбдіжаппардың әйелі соңында көз жасына ерік берді.
«Сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Топырлатып көп бала тапсаң да бағаламайды. Үйге қонбайды. Қыздар өздері келіп ініме ұрынады» деп айтқанмын. Сонда да «Мен Шымкентке келін боламын. Әпке, серт беремін, сіздің әулетіңізді көбейтемін, өсіремін» деп Әбдіжаппарға тиген еді», — деді Роза Әлқожа келіні жайлы.
фото осы сайттағы сілтемеден алынды