“Роботпен қимылдай бастады“. Әскерде жантүршігерлік жарақат алған Ербаянның жағдайы белгілі болды

61

Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды.

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір Ербаянның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер бар: Басына сәтті ота жасалды. Инфекциядан толық арылды. Катетері мен мұрнындағы зонты алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады», — деп жазды ол.

Инга Иманбайдың айтуынша, дәрігерлердің де болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Ал ем Ыстамбұлда жалғасып жатыр.

Ербаян Мұхтар туралы не белгілі?

Алматыдағы 5571 әскери бөлімшесінде Отан алдындағы борышын өтеген Ербаян Мұхтар жантүршігерлік жағдайға жеткен еді.  Әскери бөлімнің есебі бойынша түнгі сағат 2 шамасында әжетханаға шыққан сарбаз өзі құлап, басын кафельге ұрып алған. «Бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынып, ауыр ми жарақатын алған баланың өзі құлауы мүмкін емес» деген сарбаздың ата-анасы Massaget TV тілшісіне ашық сұқбат та берді.

Кейінірек Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті.

Ж. Қадыржанова

Massaget.kz тілшісі.

Фото: Видео кадры

Leave A Reply

Your email address will not be published.