«Республика және Конституция: жауапты азамат – мемлекет тірегі» атты зияткерлік-ағартушылық апталығы басталды

27

2026 жылғы 15-20 қазан аралығында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде мекемеде ұсталатын сотталғандар арасында «Республика және Конституция: жауапты азамат – мемлекет тірегі» тақырыбында зияткерлік-ағартушылық апталығы басталды.
Апталықтың негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Апталық аясында сотталғандарға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, Республика күнінің маңызы, Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар зияткерлік-танымдық іс-шаралар арқылы олардың ой-өрісін кеңейтуге, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету көзделген.
Мұндай ағартушылық жұмыстар сотталғандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауына және қоғам өміріне жауапты азамат ретінде оралуына бағытталған.
Жауапты азамат – құқықтарын білетін, міндеттерін орындайтын және мемлекет заңдарын құрметтейтін азамат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.