Ресейде бір топ өзбекстандық ауруханаға түсті

96

Волгоград маңында астан уланған 11 мигрант ауруханаға жеткізілді.

«Быковская орталық аудандық ауруханасына улану белгілерімен Өзбекстанның 18 және 60 жас аралығындағы 11 тумасы жеткізілді» деп жазылған ресми хабарламада.

Екі науқас Волгоград облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді, тоғыз адам «жедел гастроэнтероколит» алдын ала диагнозымен Быковская орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

«Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Алайда пациенттер сараптама нәтижелері алынғанша дәрігерлердің бақылауында болады», –  делінген хабарламада.

bugin.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.