Ресейде аю адамдар отырған көлікке мініп кетті (ВИДЕО)

48

Ресейдің Сахалин облысының Охин ауданында жол бойына шығып алған аю, адамдар отырған көлікке ұмтылған, деп жазды turkystan.kz.

Көлік жүргізушісі машинадан ақау шыққанын байқап, жол жиегінде тоқтаған. Ал көлікте жүргізуші тағы екі жолаушы болған. Осы сәтте күтпеген жерден үлкен аю пайда болған. Жыртқыш жануардың көлікке қызыққаны соншадық айнала иіскелеп, үстіне де шығып кеткен. Сондай-ақ көліктің терезе тазалағышын жұлып алған. Бірнеше минуттан кейін аю өз жөнімен кеткен. Оқыс оқиға кезінде адамдар зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, көліктің гидравликалық муфтасы сынғандықтан жүргізуші жол бойында басқа көлікті күтіп тұрған.

https://turkystan.kz/article/244710-reseide-aiu-adamdar-otyrgan-kolikke-minip-ketti-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.