Ресейде Әлия Молдағұлова атындағы мешіт ашылды

72

Ресейде Әлия Молдағұлова атындағы мешіт ашылды
 коллаж: turkystan.kz

Ресейдің Орынбор облысы Тюльган ауданында Әлия Молдағұлова атындағы мешіт ашылды, бұл туралы «Оренбургское региональное телевидение» арнасы хабарлады.  

Әлия Молдағұлова атындағы мешітті Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер және Ресейдің Бас мүфтиі Талғат Тәжуддин ашты.

Ақпаратқа сүйенсек, мешіт салуға кеткен қаражаттың барлығын жергілікті «Бәйтерек» қайырымдылық қоры көтерген. Ауыл тұрғындары да қолдан келгенше көмектескен.

«Әлия мешіті 2011 жылы салына бастады, алайда жобалаудағы қателікке байланысты мешітті бөлшектеп, қайта салуға тура келді. Міне, енді көпшілікке мешіт есігін айқара ашты», — деп жазды Орынбор губернатор-лейтенанты Игорь Сухарев.

Ауыл тұрғындары бұл өте айтулы оқиға болғанын, қуанышты екендерін жеткізді. Ал жергілікті билік мешіттің салынуы аймақтағы бірлік пен келсімді нығайтатынын айтады.

https://turkystan.kz/article/246499-reseide-liia-moldagu-lova-atyndagy-meshit-ashyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.