Рақымшылық аясында бостандыққа шықты

41

Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай, елімізде жарияланған рақымшылық аясында Жамбыл облысындағы №25 мекемеден бірқатар азаматтар бостандыққа шықты.

Рақымшылдық рәсімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ сот шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылды. Бостандыққа шыққан азаматтар жазасының өтелмеген бөлігінен заң аясында босатылып, қоғамға қайта бейімделу мүмкіндігіне ие болды.

Өз кезегінде босатылған азаматтар Мемлекет басшысы мен мекеме басшылығына өз алғыстарын жеткізді.

Бұл шара – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік пен мейірімділік қағидаттарын жүзеге асырудың бір көрінісі. Амнистияның басты мақсаты – түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға екінші мүмкіндік беру, олардың қоғамға қайта қосылып, заңға бағынатын толыққанды азамат болып өмір сүруіне жағдай жасау.

Бостандыққа шыққандарға әлеуметтік бейімдеу, тұрмыстық және құқықтық қолдау бағытында тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан көмек көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.