Р. Дәулет онлайн қабылдау өткізді

269

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жергілікті атқарушы органдарға азаматтардың өтініштерін қарау бойынша тапсырмасы аясында ауданымызда жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Пандемия жағдайында да тұрғындардың өтініші мен ұсыныстары аудан басшылығы назарынан тыс қалған емес. Соның бір көрінісі, 24 шілдеде аудан әкімі Р.Дәулет тұрғындарға ондайн қабылдау өткізді. Әкіммен тікелей байланысқа шыққан азаматтардың өтініштері қатарында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөліп беру, тұрғын үй салуға көмек көрсетуге ықпал ету бойынша сұрақтар түссе, сонымен қатар қатты желден үйі бүлінген тұрғындар да көмек беруге өтініш білдірді. Қабылдау барысында барлық өтініш иелеріне Заң аясында тиісті түсініктемелері беріліп, жұмыс жүргізу үшін жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы Р.Дәулеттің азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн форматта қабылдауы әр аптаның жұма күндері өтетінін естеріңізге саламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.