Мемлекет басшысының 2016 жылғы 8 желтоқсанындағы №387 Жарлығымен «Бас бостаңдығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметгік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы» бекітілген болатын. Осыған орай, бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жоба іс-шарасы өткізілді.
Аталған шараға мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Б. Қасымбеков төрағалық етіп, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №1 пробация қызметінің қызметкері, әділет капитаны С. Досымбаев, Тараз қаласы Әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығының бас маманы М. О. Амреев, мекеме САТӘПЖБ бөлім бастығы, әділет майоры Ә.Б. Даулетқұлов қатысты.
Шара аясында сотталған Р. Якубжанов мерзімінің аяқталуыия байланысты босатылады. Жиын барысында азаматқа қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп өтті. Сонымен қатар, Пробация қызметінің мамандарымен бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап көрсетілді.
Азаматты қақпа алдынан туыстары күтіп алып, сағыныштарын басты. Өз сөздерінде олар қуаныштарын жасырмай, барынша алғыс білдірді.
А. Базарбай,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті
ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасында
әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің
ЕТО инспекторы, әділет капитаны