«Психологиялық қауіпсіздік және суицид: өзекті мәселелер және заманауи шешімдер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды

179

11 сәуір 2023 жылы Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Әлеуметтік психология» кафедрасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Ұлтық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5513 әскери бөліммен  университет аумағында  «Психологиялық қауіпсіздік және суицид: өзекті мәселелер және заманауи шешімдер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға спикер ретінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бас маманы әділет подполковнигі – Танашева Айгуль Слямгазиевна, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментінің №58 мекемесінің аға инспектор-психологы әділет капитаны – Оспаналиева Рита Садуакасовна, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментінің №25 мекемесінің аға инспектор-психологы әділет капитаны – Ибраимова Гульжан Жалбиевна қатысты жоғарыда аталған тақырып жайлы және «Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын-алу жолдары» атты тақырыбында жан-жақты талқылап, тәжірибемен байланыстырып айтып өтті. Осындай жақсы үрдіс алдағы уақыттада психолог мамандарының арасында жоспарға сай жыл бойына жалғасын табады деген ойдамыз.

Г. Ибраимова,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаменті
№25 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.