Психолог ер адамдарға неге өзінен үлкен әйелдер ұнайтынын айтты

177

Көпшіліктің ойынша, жұпта ер адам әйелден үлкен болуы керек. Алайда қазір жұпта әйелдің еркектен үлкен болуы да жиі кездеседі. Неліктен кейбір ер адамдарға өзінен үлкен әйелдер ұнайды? Massaget.kz тілшісі отбасылық психолог Аяулым Өмірғалиқызының пікірін білді деп хабарлады turkystan.kz.

Барлық жағдайда емес, бірақ көбіне ер адамды өзінен үлкен әйелдің мынадай қасиеттері баурап алады:

– Жасы үлкен әйелдер өмірден не қалайтынын біледі;

– Өмірлік тәжірибесі бар;

– Өмірге көзқарасы басқаша;

– Өзін-өзі бағалауы жоғары;

– Талғамы жақсы;

– Жақсы әңгімелеседі;

– Жас қыздарға қарағанда қамқор келеді;

– Тамақты жақсы пісіреді;

– Сабырлы әрі салмақтырақ;

– Үлкен әйел «жабыспайды».

Психолог Аяулым Өмірғалиқызының айтуынша, көпшілік қыздар «әйел болуды» білмейді.

«Психологиялық тұрғыда қарайтын болсақ, нәзік жандыларда «қыз», «әйел» және «апа» процесі болады. Ал көп әйелдер «қыз» процесінен бірден «апа» процесіне өтіп кетеді. Олар «әйел болуды» білмейді, оны үйренбеген», – дейді психолог.

Маман қыздардың «әйел бола алмауына» көптеген фактор әсер ететінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.