Прокуратура – мемлекеттік шекарадан “Қоспаев” ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін заңсыз өткізген ұйымдастырушы 2 жыл 6 айға сотталды.

157

25.04.2023 жылғы Қордай аудандық сотының үкімімен ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Коспаевтың мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтуін ұйымдастырғаны үшін М.Машанло Қылмыстық Кодекстің 394-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бұрын хабарланғандай, аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының манындағы өткізу пунктінің тысқары жерінен жоғарыда көрсетілген тұлғаларды Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына өткізуді ұйымдастырған Машанлоны әшкереледі.
Айта кету керек, Шалин, Имашев Коспаев бастаған ҰҚТ мүшелері және бұған дейін қылмыстық кодекстің 249-бабы (рейдерлік) және 262-бабы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға қатысу) бойынша қылмыс жасағаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігімен халықаралық іздеу жарияланған.

Қордай ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.