Президент АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын алды

69
Президент АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын алды
Ақорда
Президент АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын алды: 9 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.

– Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.

– Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

Бөлісу:
readds.ru

Жарнама

Несъёмный протез всех зубов — Калькулятор стоимости!
Консультация врача + план лечения в подарок при расчете стоимости! Демократ

Серіктес жаңалықтары

Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы халыққа үндеу жасады

Бетперде таққан жігіт тағы отбасыға үй сыйлап, ем алуға қаражат берді (видео)

Атыраудағы кісі өліміне күдікті туралы ақпарат жарияланды

`Олар осында келген`: Атыраудағы күдікті күйеу баланың жалдап тұрған үйі көрсетілді (ВИДЕО)

«Баян ағамызды бүлдірді»: Тұрсын Алагөзовтің жаңа образы желіні шулатты

Атырауда жоғалған отбасы: Күдікті күйеу бала туралы бауыры не айтты?


Leave A Reply

Your email address will not be published.