ПОЛИЯЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

323
Жамбыл облысы Полиция Департаменті бастығының бұйрығымен Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығы лауазымына полиция полковнигі Құттыбаев Жайдарбек Қадырбекұлы тағайындалды.
Жайдарбек Қадырбекұлы — Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ІІМ Павлодар заң колледжін, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін аяқтап, Жамбыл ауданы ішкі істер полиция бөлімінің учаскілік полиция инспекторы болып қызмет бастаған.
Жамбыл облысы Полиция Департаментінің бірнеше басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Жайдарбек Қадырбекұлы жаңа қызметіне дейін Жамбыл облысы Полиция Департаменті Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.