ПОЛИЦЕЙІ СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

115
БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ
КӨЛІК ПОЛИЦЕЙІ СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ
Шу станциясындағы полиция бөлімінің қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.Полиция аға лейтенанты Батыр Мұхан жедел-тергеу тобының құрамында криминалист Абзал Башаров пен тергеуші Нұрдәулет Бахиловпен бірге шақыруға шықты. Теміржол бойында су арнасынан олар көмекке шақырған кішкентай қыздың айқайын естіді. Полиция дереу оқиға орнына келіп, қыздың суға батып бара жатқанын көрді. Жедел уәкіл Б.Мұхан адамды құтқару үшін ойланбастан бірден суға секірді. Тәртіп сақшысы жүзіп барып, жәбірленушіні аман-есен жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келісімен оны дәрігерлерге тапсырды. – Ойлануға уақыт болмады, тез шешім қабылдау керек болды. Сол себепті әйел адамды құтқару үшін суға секірдім, – дейді Б.Мұхан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.