Педагог мәртебесі еселенді

436

Елбасымыз Қасым — Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында  «Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»-деп ұлы Абай айтқандай ұстаз әрқашан білім мен ізгілікті алға қоятын тұлға» — деп атап өткенін ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде  аса жауапты әрі күрделі іс деп білемін.

Сондай-ақ, өздеріңіз көріп-біліп отырғандарыңыздай, кейінгі кезде білімге, мұғалімге қоғам көзқарасы өзгере бастады. Әрине, жақсы жағынан. БАҚ-та да, былайғы өмірде де ұстазға көрсетіліп жатқан құрметті ескермеу мүмкін емес. Бұл – жақсылықтың нышаны. Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүрді сыйлау мен қастерлеудің жолы.  Ата-ана мен ұстаз арасындағы жауапкершілік шегі бір тоқтамға келетін кез әлдеқашан келді. Қоғам, ата-ана мектептің сынаушысы позициясын ұстанса, біз ешқашан алға баспаймыз. Қазақтың дәстүрінде мектеп немесе білім ордасы – нағыз адалдық алаңы.

Әрине, басты тетік ұстаздың өзінде. Өзін өзі сыйлата білмеген ұстаздың оқушы алдына немесе мінберге шығып, дәріс оқуға моральдық құқы жоқ. Сондықтан, үнемі ізденісте жүрген, шеберлігін дәйім шыңдайтын, мәдениеті, адамгершілігі, бар бітім-болмысы жоғары азамат — шәкірттің ғана ұстазы емес, қоғамның ұстазы болуы тиіс. Отанымызда ұстаз абыройы артқан сайын, білім мен ғылымның, тәрбие мен мәдениеттің абыройы артатыны сөзсіз.

Дана бабаларымыз балаға білімнен бұрын тәрбие берілуі керек екенін әуелден-ақ айтып кеткен. Отбасы тәлімі мен елдік тәрбие — білім жүйесінің әрі өзегі, әрі айнасы. Қазақстанның отаншыл ұл-қызын оқытудың мақсаты мен мазмұны жылдан-жылға айқындалып келеді. Атап айтсақ, мақсат — бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру, ал білімнің мазмұны – елдік тәлім-тәрбие мен адамзат ақыл-ойының інжу-маржаны деп білемін.

Міне, сондықтан да шығар, Елбасының бастамасымен қоғамның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақсылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ.

Рас, ұстаз мәртебесі туралы заң қоғамның барлық жігін де бейжай қалдырмады. Біз мұның бәрін – жанашырлық пен жауапкершілік деп ұқтық.

Динара Өтебаева,

Балалар–жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының үйірме

жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.