Павлодарлық келіншек екі баласын пәтерге қамап, өзі екі күнге қыдырып кеткен

65
Павлодарлық келіншек екі баласын пәтерге қамап, өзі екі күнге қыдырып кеткен
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262212-pavlodarlyq-kelinsek-eki-balasyn-paterge-qamap-ozi-eki-kunge-qydyryp-ketken

9 және 11 жастағы екі бала анасының қарауынсыз қалған. Полицияға көрші пәтерде тұратын бейжай қарамайтын әйел хабарласып, екінші тәулік бойы балалардың шулап жатқанын, ал ересектердің жоқ екенін айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел еңбек демалысын таныстарымен бірге атап өтіп, балаларын қараусыз қалдырған.

«Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында олар уақытша арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау жөніндегі Өңірлік орталыққа орналастырылды. Олардың денсаулық жағдайы мен психоэмоциялық күйі мамандардың бақылауында», – деп хабарлады полиция.

Анасының қайда екені анықталғаннан кейін ол медициналық куәландырудан өтті, нәтижесінде оның мас күйде болғаны расталды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оның әрекеті Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.