ДСМ
https://turkystan.kz/article/266015-pavlodarda-qaitys-bolgannan-keiingi-donordyn-zuregi-men-buiregi-eki-nauqasqa-salyndy
Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донордың ағзалары науқастарға салынды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
44 жастағы тұрғынның жүрегі мен бүйрегі трансплантатталды.
«Ағзаларды трансплантаттау және екі пациенттің өмірін құтқару донор отбасының шешімі мен медициналық мамандардың барлық кезеңдегі үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, 10 тамыздағы жағдай бойынша донорлар мен реципиенттердің бірыңғай республикалық тізілімінде ағза трансплантациясын күтіп жатқан 4 384 пациент бар. Олардың ішінде:
3 890 ересек адам мен 90 балаға бүйрек;
201 ересек адам мен 21 бала бауыр;
25 ересек және 2 бала өкпе;
143 ересек және 6 бала жүрек;
4 ересек пен 2 балаға «жүрек-өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266015-pavlodarda-qaitys-bolgannan-keiingi-donordyn-zuregi-men-buiregi-eki-nauqasqa-salyndy