Павлодарда Ішкі істер министрлігінің курсанттары ауруханаға түсті

89

полиция

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растаған.

Оқу орталығынан алғашқы курсанты 29 қарашада ауруханаға түскен.

Қазіргі күні барлығының жағдайы тұрақты екені айтылады.



Бұған дейін Ақтөбеде Ішкі істер министрлігі институтының курсанты 21 жастағы Қамбар Бейбол 21 қарашада өкпе тінінің 80 пайыздық зақымдалуы, екі жақты толық пневмония диагнозымен жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болған еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлімге негізгі ауру – туа біткен жүрек ақауы себеп болғанын айтады.

https://stan.kz/pavlodarda-ishki-ister-ministrliginin-kursanttari-auruh-392031/

Leave A Reply

Your email address will not be published.