Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, көз жұмды

70

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 22:35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 4 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

«Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Павлодарлық полицейлер ересектерге қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.https://turkystan.kz/article/230095-pavlodarda-4-zhasar-kyz-terezeden-kulap-koz-zhumdy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.