Сурет pexels-тен
Деректерге сай, Шабуыл Гренель жағалауы аймағында болған. Ер адам өтіп бара жатқан Германия азаматы мен оның досына көпірде бас салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Болжам бойынша, қылмыскер балғамен де қаруланған. Шабуылшы «Аллаһу әкбар!» деп айқайлап, сол маңайдағы тағы екі адамға жарақат келтірген. Полиция оны ұстау үшін электр шокерді пайдаланған.
Телеарнаның хабарлауынша, шабуыл жасаған 26 жастағы Франция азаматы болып шықты. Ол бұған дейін де радикалды ислам мен «психикалық бұзылыстарға» байланысты полицияның назарын аударған.
«Тұтқынға алынғаннан кейін ол Ауғанстан мен Палестина мұсылмандардың қырылып жатқанына бұдан былай шыдай алмайтынын айтты», — деді Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманин.
2016 жылы ер адам дәл осылай ұсталып төрт жылға бас бостандығынан айырылған.
https://stan.kz/parizhdegi-eyfel-mynarasinda-belgisiz-bireu-pishakpen-t-392040/