«Парасатты отбасы» байқауы өткізілді

192

Ағымдағы жылдың қазан айының 16 жұлдызында «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қоғамды адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылықа дәріптеу мақсатында ауданда «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді.

Финалға шыққан Сиязбековтер, Сматовтар, Дәуір, Найзабековтер және Нағашбаевтар отбасына, Отбасы құндылықтарын дәріптегендері үшін, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс шараның негізгі мақсаты жемқорлықтын қоғамда  төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру және әр отбасыда «Тәрбие тал бесіктен басталады» келешек жастарға сыбайлас жемқорлықтың дұрыс еместігін айту, үйрету және  тәрбиелеу. Аталмыш шара қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтумен аяқталды. Іс-шараға 20-дан аса адам қатысты. Шара барысында ұйымдастырушылар барлық санитарлық шектеулерді қатаң ұстана отырып, іс-шара барысында медициналық маска киіп, жастардың денсаулығына зиянын келтірмеу шараларын қатаң ұстанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.