Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда Наурыз есімді 1 472 адам, Наурыза есімді 7 адам бар, ал есімінде «наурыз» сөзі бар адамдар саны одан да көп. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро жазды.
Бюроның есептеуі бойынша тегі Наурызбек 3 206 адам, тегі Наурызбай 2 940 адам тіркелген.
Сонымен қатар, Наурызхана есімді 272, Наурызгүл есімді 241 адам бар.
Ал өзіңізбен аттас қанша адам бар екенін Статистика бюросының «Мен сияқты қанша адам бар?» интерактивті сервисінен біле аласыз.
https://turkystan.kz/article/241395-elimizde-nauryz-esimdi-ansha-adam-bar