ӨЗ МАМАНДЫҒЫҢДЫ ТАҢДАЙ БІЛ

28
Бала кезінен болашақта кім болам деген ой әркімді мазалары анық. Бүгінде қазіргі Республикамыздың әскери жоғары оқу орындарында сан түрлі мамандық бойынша оқытады. Оның қай саласын таңдау талапкерлердің өз еркінде. Болашақ маман-өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан өз үлесін білген жөн. Арманының орындалғаны жақсы маман болғаның. Солардың бірі елің үшін, жерің үшін қызмет ететін әскери мамандықты дайындайтын жоғары оқу орындары біздің елімізде жетерлік. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша әскери оқу орындар және көрші Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 16-21 жас шақырылуға жасы жеткен және жоғары әскери оқу орнына түсуге талабы бар азаматтық жастарды қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы ЖӘОО талапкер ретінде зерделейді. Жоғары әскери оқу орындарының басты тапсырмасы ұйымдастырушылық қабілетін меңгерген, жігерлі, батыл, тік мінезді және тапқыр, кең инициативті және өз бетінше әрекет ететін, өте жақсы дене шынықтыру дайындығы бар, қол астындағыларды тәрбиелеуге және оқытуға қабілетті, жоғары білікті офицер дайындау.
Бітірушілер алған білімдерімен әскерлерде өздерінің міндеттерін табысты атқаруға мүмкіндік береді. Олардың ең күшті қасиеттері жоғары теоретикалық әзірлігі, қаруды және жауынгерлік техникаларды мықты білуі, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыруда берік дағдыланған, адамдармен жұмыс істей білуі, әскери борышын терең түсінуі және оны соңына дейін орындауға дайындығы болып табылады. Оқудың барлық жүйесі институттың профессорлы-оқытушылық құрамының және басшыларының негізгі күш салуы өздерінің алған кәсіби біліміне және іскерлігі мен дағдыларын шығаруға бағытталған.
Әскери институттардың оқу-материалдық базасы өзімен кешенді материалдық техникалық құралдарын, ғимараттарын және қорғаныстарын көрсетуге, қазіргі заманғы әдіспен оқыту және бағдарламаларымен, оқу жоспарларымен, Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарымен сәйкес курсанттардың барлық мамандықтарының дайындығын қамтамасыз ету
үшін бағытталған. Сондай-ақ келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілердің және офицерлердің біліктілігін жоғарылату, ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау және ғылыми зерттеулерді орындау.
Техникалардың және ғылымдардың дамуының қазіргі заманғы деңгейінде әскери мамандардың дайындығы үшін лекциялық аудиториялар, оқу зертханалары, кабинеттер және сыныптар барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Оқу үдерісінде интерактивтік және мультимедиялық жабдықтарды, есептеу және компьютерлік аппаратураларды қолданумен, қазіргі заманғы техникалық оқу құралдары кеңінен пайдаланылады. Институттардың оқу орталығында курсанттар кез келген ауа райы жағдайында, күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша өздерінің шеберлігін жоғарылатады. Күндіз-түні тактикалық далаларда оқу сабақтары жүргізіледі.
Әскери оқу орындарына талапкерлерді кәсіптік іріктеу жоғары орындарын сапалы толықтыру мақсатында әрбір кандидаты төмендегі бөлімдер бойынша жан-жақты тұлғалық бағалау жолымен жүргізіледі:
1) адамгершілік деңгейі және қоғамдық белсенділігі;
2) әскери-кәсіптік бағдарлығы және қоғамдық белсенділігі;
3) денсаулық жағдайы;
4) дене даярлығы;
5) әскери-кәсіптік бағдарлығы.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін математика, физика пәндерінен ҰБТ-дан 50 балдан жоғары жинауға тиісті.
Жоғары әскери оқу орындары жоғары білімді офицерлерді дайындайды. Жоғары әскери оқу орнын тәмәмдаған жастар лейтенант атағын иемденеді. Мына төмендегі әскери оқу орындары бойынша талапкерлерді шақырамыз.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша әскери оқу орындары:
1.Сағадат Нұрмаханбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты. Алматы қаласы.
2.Кеңес Одағының екі рет Батыры Т.Я.Бегильдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты. Ақтөбе қаласы.
3.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радио-электронды және байланыс әскери-инженерлік институты. Алматы қаласы.
4.ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы. Щучинск қаласы.
Ер азаматтарды әскери оқу орнын өз қалауымен Байзақ аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне (Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесі, №182, телефон: 2-14-41) 30-ші сәуірге дейін өз өтініштерін білдіруге болады.
Мамандығың – мәңгілік мақтанышың болғай!

Көпбосын  НУРДИНОВ,
Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, полковник.

Leave A Reply

Your email address will not be published.