ОТТЫ КҮНДЕР ЫЗҒАРЫ…

37
 Биыл-Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл. Сұрапыл майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында интернационалист жауынгерлерді еске алу мемориалына гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы мен мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шарадан соң Ауған соғысының ардагерлеріне арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
 
Зиялы қауым өкілдері Ауған соғысының ұлт үшін келтірілген зардаптары туралы айтып, елімізге бейбітшілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов бірқатар ардагерлердің кеуделеріне «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.