Отарда комаға түскен сарбаз: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

17

Отарда комаға түскен сарбаз: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
 Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысында комаға түскен мерзімді әскери қызметші қатысты Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылған. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады.

«Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері болмағанын атап өту керек», — делінген министрлік хабарламасында.

Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану дерегі бойынша ІІМ Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.

https://turkystan.kz/article/244734-otarda-komaga-tusken-sarbaz-korganys-ministrligi-m-limdeme-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.