ОТАНЫМ ДЕП ШЫРҚАТА САЛҒАН ӘНІМ

166
Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап әр апта сайын аудандағы мекеме және кәсіпорындардың, ауылдық округтердің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласында өткізіліп келе жатқан «Отаным деп шырқата салған әнім!» атты өнер фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті.
Жаздан бері өтіп келе жатқан концерттік бағдарламада Жаңатас қаласы мен елді мекендердегі өнерпаздардың арасынан ең үздік деп танылғандары қорытынды гала-концертте өз өнерлерін көрсетті.
Аталған шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, сөз сөйледі.
— Халық даналығында «Өнер – ұлттың жаны», — деген сөз бар. Біздің Сарысу өңірі де – киелі өнердің мекені. Қаншама өнер қайраткерлері, дарынды тұлғалар шыққан өлке. Ән мен күйдің елі. Аудандағы мекеме, кәсіпорындар және ауылдық округтердегі өнерпаздарымыз жаздан бері өз өнерлерін көрсетті. Барлығы да жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын. Бұндай өнер фестивальдері өнерлі азаматтарды, жас әншілерді анықтауға үлкен мүмкіндік береді, деді – аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Ералиев сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтады.
Шара барысында жақсы өнер көрсеткен барлық мекеме, кәсіпорындар және ауылдық округтер марапатталып, сый-сыяпаттар табыс етілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.