Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қазақстан көшесінде болған.
«Полиция келген кезде мәйіт табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды», — деп қосты ДП.
Күдікті ұсталды.
Қазір ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.
«Бейресми мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам 1990 жылғы азамат, күдікті 1997 жылы туған», — делінген хабарламада.
https://turkystan.kz/article/238858-skemende-o-zhara-atynan-aytys-bol-an-er-adamny-m-yiti-tabyldy