Орташа жалақыдан 10 есе артық: Тойға шығатын әншілердің гонорары анықталды

51
Орташа жалақыдан 10 есе артық: Тойға шығатын әншілердің гонорары анықталды
Коллаж: Turkystan.kz
https://turkystan.kz/article/260182-ortasa-zalaqydan-10-ese-artyq-toiga-sygatyn-ansilerdin-gonorary-anyqtaldy

Қазақстандық әншілердің бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық, деп хабарлады turkystan.kz сайты KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақыру үшін 5 миллион теңге.

Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл соммаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды. Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді.

Әнші Айқынның шарты да осындай.

Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал. Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен.

Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.