«Өрелі сөзді өрнектеген»

55

«Өрелі сөзді өрнектеген» атты дөңгелек үстел.
Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақұлбек Рысдаулеттің туылғанына 75 жыл толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Филология ғылымдарының докторы,профессор М.Х.Дулати Тараз өңірлік университетінің «Дулати тану және өңір тарихы» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері — Құлбарақ Самен Оразғалиұлы, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі – Қожамарова Назым Тоқтасынқызымен «Өрелі сөзді өрнектеген» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында қаламгердің «Бақатерек» брайль қаріпіндегі кітабының тұсау кесері өтіп, оқушылар келген қонақтарға сұрақтарын қойып,пікірлерін білдірді, жазушының кітаптары және мақалаларымен танысты.

 Гүлзада Таласбай, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.