Оралдық тұрғын көше ортасында суицид жасамақ болды

56

Орал қаласында ер адам көше ортасында өзіне-өзі пышақ жұмсап, суицид жасамақ болған. Оны полиция қызметкерлері құтқарып қалды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 қыркүйек күні қала орталығында болған.

«Н.Назарбаев даңғылы бойында «Юбилейный» аялдамасында белгісіз ер адамның тамағына пышақ тақап, өзіне-өзі қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының экипажы жедел жеткен. Тәртіп сақшыларының бірі, полиция кіші лейтенанты Жасұлан Балмағамбетов ер адамды сөзге тартып, көңілін аулаған. Тағы бір полиция кіші лейтенанты Мұхаммадрасул Рашидов артынан келіп, суық қаруды тартып алып, жерге құлатады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны екені, біраз уақыттан бері созылмалы дертпен есепте тұрғаны анықталды. Оқиға орнынан алынған пышақ тәркіленді. Түсініктеме берген тұрғын аурудан шаршағандықтан, осындай қадамға еріксіз барғанын айтты. Қазіргі кезде ол Орал қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды», – деп хабарлады ведомстводан.

 

https://turkystan.kz/article/234139-oraldy-t-r-yn-k-she-ortasynda-suicid-zhasama-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.