Оңтүстік Кореядағы мектепте 4 қазақстандық мұғалім сабақ беріп жүр

17

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кёнгидо провинциясының білім беру басқармасы сәуір айында өзара тәжірибе алмасу бастамасын қолға алған болатын. Ал жақында Ансан қаласында екі ел ынтымақтастығының алғашқы нәтижелері қорытындыланды.

Қазақстандық 4 мұғалім тамыз айында Ансандағы ТМД елдерінен келген мигранттар тұратын ауданға корей, ағылшын, қазақ және орыс тілінен ұстаз болып барған.

Телеарнаның мәліметінше, атлаған мектепте өзге елдерден көшіп келген 145 оқушы оқиды. Олардың 30-ы қазақстандық. Шетелдік балаларға оқу материалдарын меңгеруге Қазақстаннан келген 2 мұғалім көмектеседі.

Ақбөпе Баярыстан Арқалық педагогикалық университетін бітірген соң жергілікті мектепте 1 жыл мұғалім болып істеген.  Кореяға тәжірибе алмасуға бару туралы  ұсыныс  Ғылым және жоғарғы білім министрлігінен түсіпті.  Іріктеуден сүрінбей өткен  Ақбөпеге  Кенги провинциясы  уақытша тұратын пәтер беріп,  айлық  төлеп отыр.

«Менің ролім көп мәдениетті оқушылар үшін көп маңызды секілді. Бұларда ағылшын тілінің өзі корей тілінде өтеді. Сол үшін мен оларға граматика болсын басқа нәрселерді түснікті етіп жеткіземін», – деді мұғалім Ақбөпе Баярыстан.

Баян Мұхтарқызы шетелдік оқушыларға барлық пәндер бойынша тапсырмаларды орындауға көмектесіп, жергілікті тұрғындарға қазақ мәдениетін таныстырып жүр.

«Басшылықта отырған адам біледі Қазақстан қандай екенін. Бірақ қарапайым халық ретінде келетін болсақ, олар бізді «хиджаб киіп кәдімгі мұсылман адам келеді» деп ойлаған екен. Бұдан кейін барлық сыныпқа Қазақстан туралы айтып бердім. Қазақстан қандай ел екенін және қалай өмір сүріп отырғанын көрсеттім», – деді мұғалім Баян Мұхтарқызы.

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы шетелдік оқушыларға ассистенттер көмектесетін мектептерді аралап көрді

«Бағдарламаға үш мектеп қатысады, студенттердің жалпы саны шамамен 800. Зерттеу есебіне сәйкес, балалар да, мұғалімдер де тіл үйрену арқылы өздерін бақыттырақ сезінетін секілді», – деді Кёнги провинциясы білім беру басқармасы конвергентті білім бюросының директоры Ким Гым Су.

Бұл тәжірибені Кёнгидо провинциясының білім беру басқармасы оң бағалап отыр. Енді келер жылдың наурыз айында осында Қазақстаннан жаңа ұстаздар келеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.