Елдегі саяси дағдарыс желтоқсанда басталған. Басты себеп – президенттің елде әскери жағдай режимін енгізуі. Әскери жағдай енгізілген соң парламенттің 190 депутаты ғимаратқа кіріп, президент шешімін тоқтатуға дауыс берген.
Енді ел басшысына импичмент жарияланған соң, шешімді конституциялық сот қарайды. Істі қарау 6 айға дейін созылуы мүмкін.
Ал президент Юн Сок Ель өз әрекетін дұрыс емес деп бағаламайтынын айтып, бүлік бастағысы келді деген айыпты жоққа шығарды. Сондай-ақ отставкаға кету туралы ұсыныстарды елемей, соңына дейін күресетінін мәлімдеген.
«Маған импичмент жарияланса да, тергеуге алынсам да, соңына дейін әділ күрес жүргіземін», – деді Юн Сок Ель.
Фото: AP Photo / Kim Hong-ji
https://stan.kz/ontustik-koreya-parlamenti-ekinshi-ret-dauis-beruden-ke-411161/