ӨНЕРПАЗДАР ЕРНАЗАР АСПАНЫН ӘСЕМ ӘУЕНГЕ БӨЛЕДІ

129

Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ерназар ауылында концерт өтуде.

Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаеваның айтуынша, концерт — ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, әдемі кеш ұсыну болып табылады.

Думанды кеште балалар асыр салып ойнап жүрсе, аға буын әншілермен бірге ән шырқап, алаңда биге шығып, көпшілік ыстық ықылас білдіріп, бір серпіліп қалды.

Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған мәдени-көпшілік іс-шарада тұрғындар өнерпаздарға алғысы мен ризашылығын жеткізіп, аталған кеш жиі ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді.

Айта кетейік, мерекелік концерт әр ауылда апта сайын, ал, жұма күндері Аса ауылының орталық алаңында өтетінін хабарлаймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.