istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/264466-omyrtqasy-men-qabyrgasy-syngan-tarazdagy-mektepte-elektrik-3-metr-biiktikten-qulap-ketti
Тараздағы мектептердің бірінде прожектор ауыстырып жатқан электрик үш метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.
Оқиға мектеп директор орынбасарының тапсырмасы бойынша болған. Прожектор дұрыс бекітілмегендіктен құлап, жұмысшының омыртқасы мен қабырғасы сынған.
Жарақат «ауыр өндірістік» деп белгіленді. Жәбірленуші ем-домға кеткен шығын мен моральдық зиянды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінді.
Жауапкер тарап бұрын көрсетілген көмек пен еңбекақының төленгенін алға тартса да, сот жұмыс беруші кінәсін толық мойындады. Тергеу актісінде жұмыс қауіпсіздігіне жауапты тараптың толық кінәлі екені көрсетілген.
Нәтижесінде мектеп әкімшілігі 1,2 миллион теңге көлемінде өтемақы мен құқықтық шығындарды өтеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264466-omyrtqasy-men-qabyrgasy-syngan-tarazdagy-mektepte-elektrik-3-metr-biiktikten-qulap-ketti