«Өмірімді түбегейлі өзгертті»: Гүлназ Жоланова ана атанғанын растады

158

Фото: https://www.instagram.com/zholanova_gulnaz/

Айта кетейік, кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова актрисаның балалы болғанын айтып қойған еді.

“Гүлназ ылғи «Неге мені шақырмайсыз?», «Неге мені түсірмейсіз?» деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр деуші едім. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, «Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?» дейді. “Балаңа қараймыз. Бүкіл түсірілім тобы бала күтуші боламыз, түсші” дедім. Тіпті балаңды өзім бағамын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды», – деген еді продюсер.



Көп уақыт өтпей, актриса да ана болғанын растап, қуанышын бөлісті.

“Менің сүйікті тамыз айым да келіп қалды. Бұл ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бұл айды өмір бойы асыға күтемін. Себебі бұл айда мен ана атандым», – деп жазды өнер иесі жеке парақшасына.

https://stan.kz/omirimdi-tubegeyli-ozgertti-gulnaz-zholanova-ana-atanga-404183/

Leave A Reply

Your email address will not be published.