ҚР Үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы — Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары — Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист–информатик, заңгер–құқықтанушы.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған.
Түрлі жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Тұран – Астана» университетінде, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры лауазымын атқарған.